Сұрақтар мен жауаптар

Пайдаланылған дереккөздер: БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы туралы қорының әдебиеттері (ЮНФПА)
Секспен айналысқанда қалаусыз жүктіліктен және ЖЖБИ-дан (жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан) қорғануға бола ма?
100% емес, дегенмен мүшеқап сияқты қорғаныс әдісін дұрыс қолданған жағдайда 99%-ға қорғайды. Мүшеқапты қолданумен болған секс қауіпсіз деп аталады. Серіктесіңді мүшеқапты пайдалануға көндіре алмасаң, секстен бас тартуыңа болатынын ұмытпа.
АИТВ-ын (адамның иммундық тапшылық вирусы) қосқанда, ЖЖБИ-ын қалай жұқтырады?
  • Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде
  • Қан арқылы: жұқпаланған қан препараттарын құйған кезде, жұқпалы аурулы адаммен қатынаста болған және тиісті өңдеуден өтпеген өткір құралдарды (қырыну кезінде, татуировка мен инъекцияларға арналған инелерден, маникюр салонында және т.б.) пайдаланғанда
    Есіңде болсын: Орталық Азияда АИТВ таралуының негізгі жолы инъекциялық есірткілерді қолданғанда ортақ шприцтер мен инелерді пайдалану болып отыр.
  • Жүктілік, босану және емізу кезінде АИТВ-на шалдыққан анадан балаға жұғады.
Дәрігерге қаралуға және ЖЖБИ-на анализ тапсыруға қашан баруға болады? Мына белгілердің біреуі байқалған кезде медициналық көмекке жүгіну керек:
  • Жыныстық жолдардан шығатын бөліністер: ірің бөлініп шығу, ішкі киімде дақ қалдыратын шырышты-іріңді сарғыш не жасыл түсті бөліністер (гонореяның, трихомониаздың, хламидиоздың белгілері болуы мүмкін);
  • Ауырсыну сезімдері, зәр шығару кезінде күйдіріп ашу;
  • Терідегі жаралар;
  • Іш астының ауруы;
  • Шап тұсындағы лимфалық түйіндердің үлкеюі және ауырсынуы;
  • Бір айдан артық уақыт бойы салмақтан себепсіз айырылу;
  • Бірнеше апта бойы іш өту;
  • Бірнеше апта бойы дене қызуының көтерілуі.
Ағзадағы АИТВ-ын анықтайтын анализдер?
Адамның иммундық тапшылық вирусы ағзаға түскен кезде вируспен күресу үшін ағза арнайы антиденелерді өндіре бастайды. Анализ қанды зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Онда антиденелердің немесе вирустың бар-жоғына тексереді. Көктамырдан қан тапсыруға болады, онда талдау нәтижесі 1-2 күнде белгілі болады. Немесе экспресс-анализ тапсыру арқылы анықтайды. Ол үшін саусақтан қан алып, нәтижесін бірден білуге болады.
Індетті жұқтырғаннан кейін қанша уақыттан соң АИТВ-ын анықтауға болады?
АИТВ-ын жұқтырғаныңды шамамен 3 айдан соң білуге болады. Осынша уақытта 99% жағдайда ағзада АИТВ-на антиденелер қалыптасады. Кейде бұл кезең 6 айға дейін созылады, бірақ бұл сирек жағдай. Сондықтан қорғалмаған секстен соң немесе АИТВ-ын басқа жолмен жұқтыру ықтималдылығына күдіктенгенде, АИТВ-на анализді 1 айдан кейін, қайтадан 3 айдан кейін тапсыру ұсынылады.
АИТВ-на анализді қайда тапсыруға болады? Қанша тұрады?
  • Қазақстан Республикасының азаматтары қалалық ЖИТС орталықтарында, Республикалық ЖИТС орталықтарында немесе жеке куәлікпен тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада анализді ТЕГІН тапсыра алады. ЖИТС орталықтарында құжатты ұсынусыз анонимді түрде анализді тапсыруға болады.
  • ЖИТС орталығы ҚР-ның әр облысындағы әкімшілік орталықтарында бар. Орталықтардың мекенжайларын мұнда білуге болады.
  • АИТВ-инфекциясына анализді жекеше клиникаларда (ИНВИТРО, Invivo, Олимп және т.б.) тапсыра алады. Анализдің бағасы 2000 теңгеден басталады.
АИТВ статусы деген не?
АИТВ-на шалдыққан адам оң АИТВ статусына ие болады. Егер де адам ағзасында АИТВ болмаса, онда теріс АИТВ статусын көрсетеді.
Қажет сауалыңызға жауап таба алмадыңыз ба?
Оны бізден сұраңыз. Сізге жауабын табу үшін көмектесуге тырысамыз.
E-mail*
Есімі*
Сауал*
*толтыруға міндетті жолдар
ЖІБЕРІЛІМ
© 2018-2019 UYATEMES.KZ